Петропавлдағы жылу-электр орталығында жойқын апат болды

0 605

Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлады, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығының бір мұржасы құлаған. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер, соның ішінде төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдем қызметі де апат орнында. Жұмысшылар түгенделіп жатыр. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне хабар сағат 19.20-да түскен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.