«Ózіm týraly» үздік пост байқауы

0 186

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру:

Әлеуметтік желілерде «Ózіm týraly» үздік пост байқауын ұйымдастырылды. (Әлеуметтік желілердегі (инстаграм, фейсбук) жеке парақшаларына #ózim týraly хештегін пайдалана отырып, жарияланым жасаған түрлі этностардың балалары мен жасөспірімдері арасында ұйымдастырылады) Байқауға аудан мектерінде білім алатын түрлі этнос өкілдері қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған 1-орын Макаренко о/ м Жамбыл ауданы Давыдова София Фёдоровна, 2-орын Өрнек ауылдық округі Чижикова Руслана Генадиевна және жүлделі 3-орынды Бесағаш ауылдық округі Турдалиева Эльнура иеленді. Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар тарапынан ұлттар арасында достықты нығайтып өнер көрсетіп жүргендері үшін арнайы дипломдар табыс етіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.