«Өзі жазбаған»: Жанұзақ Әкім Абайдың қара сөздерін жоққа шығарды

0 4 307

Әлем таныған Абайды Қазақстанға қалай рухани көсем бола алады дейді Жанұзақ Әкім. Ол Абайдың қара сөздерін де жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Жанұзақ Әкім фейсбук парақшасында осы тақырыпта жазба қалдырған.

«Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді» дейді Асқар Сүлейменов. Абайдың бар жазғаны 1 том (50-60 өлең және сонша қарасөз (Гете 146 том жазған). Оның 10-нан астамында қазақты кемсіту. Сол үшін коммунисттер оны 70 жыл бойы ұлттық идеологияны негізгі етіп алды. Коммунистік идеологияның негізі болған Абай азат Қазақстанға қалай рухани көсем болады?! Жалпы Абайда елім, жерім… ұлт азаттық үшін курес туралы ештеңе көрмедім. Яғни, ол арқылы ұлттың рухын көтеру мүмкін емес?! Абайтану институтты ашып алып, оны «60 жыл зерттеп», яғни, оны «кормушкаға» айналдырған арамза алаяқтар мен тауықмилар қаптады. Барлық қасиетті кітаптарда «халық құдайдың бір аты» дейді. Абай пенде, не Құдайдың құлының сол Құдайды, яғни, жүйелі түрде сынап-кемсітуіне ешқандай құқығы жоқ. Құдайға сенген. Абайдың оны білмеуі мүмкін емес. Яғни, қара сөзді НКВД жазды. Тарының дәні мен кебегін айыра алмайтын соқыр тауық кейбір қазаққа бәрі жем болуда. Қазақтың есі қашан кіреді?!», — деп жазды ол.

Сондай-ақ,Жанұзақ Әкім Абай туралы тағы былай депті:

«Батыс елдері бір адамды дәріптеу күпірлік, үңгірлік, тобырлық сана екенін түсінді. Олар әулие, пайғамбар… емес, қатардағы пенде, Құдайдың құлдары, қанша данышпан болса да. Қазақ, Герағаң жазатын, «Адамзаттың Абайы», «Шығыстың Шыңғысы»… деген сандырақтардан арылу керек. М.Мағауиннің 1970 жылдары шыққан хрестоматиясында, «Қазақ әдебиеті Абайдан басталады» дейді. Сонда оған дейін қазақта әдебиет болмады ма? Ол, қазақта әдебиет, тарих, мемлекет, шегара… ештеңе, тіпті қазақтың өзі болмады» деген советтік, одан кейін соңғы 30 жылдағы солақай идеологияның сандырағы».

Leave A Reply

Your email address will not be published.