Өзгенің ұстарасымен қырынған жігіт опық жеп қалды (фото)

0 161

АҚШ тұрғыны Ник Холтерман өзгенің ұстарасымен қырынамын деп қиындықтарға тап болды. Бұл туралы Daily Mail жазды. Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласының 24 жастағы тұрғыны Ник Холтерман пәтерде бірге тұратын көршісінің ұстарасымен қырынбақ болады.

Ол кейін бұл әрекетіне қатты өкінгенін айтып, көпшілікті өз қателігін қайталамауға шақырды. Ескерту: Төмендегі суреттерді жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен кәмелет жасына толмағандарға қарау ұсынылмайды!

 

Айтуынша, жігіт қырынғаннан кейін бірнеше күн өткенде тынысы тарылып, иегінде жаралар пайда бола бастайды. Қатты шошыған азамат дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Фото: Jam Press / holterman Толық тескеру жүргізген дәрігерлер жігіттің вирустық емес, бактериялық сипаттағы дертке шалдыққанын анықтайды.

Ол бұл дерттен арылу үшін ауыр антибиотиктер ішкен. Нәтижесінде жігіт жазылғанымен, дәрілерден асқазанын ауыртып алған. Дәрігерлер жігіттің дерті лас ұстарадан немесе өзгенің терісіне аллергия туындаудан пайда болған деген болжам жасауда. Енді жас жігіт ешқашан өзгенің жеке гигиеналық құралдарын пайдаланбайтынын, тек қана өз ұстарасымен қырынатынын айтуда.

Ол өзге жандарды да мұндай мәселеге келгенде барынша абай болуға шақырды. Еске салсақ, бұған дейін Данияда полицейлерге қарап жөтеліп, «корона» деп айғайлаған жігіттің басы бәлеге қалғанын жазған едік. Келеңсіз жағдай 2020 жылдың наурызында, елде алғаш рет қатаң карантин енгізілген кезде болған.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.