Оралдық полицей ішімдік ішіп алып, апатқа түсті

0 248

Оралда ішімдік ішкен полиция қызметкері жол апатына түсті.

 

Оқиға түнгі сағат екіде болған. Абай полиция бөліміне қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы арақашықтықты сақтамаған. Осының салдыранын алда кетіп бара жатқан көлікке соғылыпты.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, тәртіп сақшысы үйінде аздап ішімдік ұрттаған көрінеді. Бірақ түн ішінде жұмысқа шақыртқан соң, көлік рөліне отырыпты. Енді мас күйінде жол апатына түскен қызметкерге қатаң шара қолданылмақ.

“Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес полиция қызметкерінің жеңіл дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Қазір бұл іске қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес полиция қызметкеріне ең қатаң шара тағайындалатын болады”, – дейді Батыс Қазақстан облысы полиция басқармасының жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.