Оралда сарбаз өз-өзіне оқ атып, көз жұмды

0 275

Оралда мерзімді әскери қызметші өзін-өзі атып тастады. Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңертең болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте болған. Ол ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Артынша сарбаз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қару-жарақпен күзетте тұрған қарапайым сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Сарбаз жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, сарбазды құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеу шараларын жүргізуде», – дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.