Өнеркәсіп тұраламауы тиіс

0 7

Халықтың әл-ауқаты көтеріп және тұрғындардың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету үшін ең алдымен экономикалық өсім ойдағыдай болуы қажет. Ол үшін өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция секілді кез келген сала табысының жиынтығы, яғни орта есеппен әрбір адамға келетін жалпы табыста кемшілік болмауы қажет. Мәселен Тараз қаласының осы жылдың 8 айындағы жетістігін сөз етсек, жыл басынан бері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталыпты. Жалпы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 217 миллиард 234 миллион 400 мың теңгені құрапты. Ал нақты көлем индексі 105,3 пайызға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш өнеркәсіптегі өндіріс бойынша 180 миллиард 433 миллион 400 мың теңге, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құраған. Инфляция +6,1 пайыз болыпты. Оның ішінде «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 107,5 миллиард теңгеге қол жеткізген. Оның өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 49,9 пайызды көрсетіп отырса керек.

– «Тараз қант зауыты» серіктестігі 21,1 миллиар теңге есептілік тапсырса, өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 9,7 пайыз. «Тараз металлургиялық зауыты» серіктестігі 15 миллиард теңге есетілік тапсырды, өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 6,9 пайыз. «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ы 12,6 милиард теңге есептілік тапсырған, үлесі 5,8 пайызды құрап отыр.

Яғни осы төрт кәсіпорын 156,2 миллиард теңгеге есептілік тапсырды, өнеркәсіп саласындағы жалпы үлестері 72,3 пайыз, ал басқада кәсіпорындардың үлестері 27,7 пайызды құрады – дейді Тараз қаласы

әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Жетпісбаев.

Жалпы алдағы кезеңдерде өнеркәсіп саласының орындалуы аталған төрт кәсіпорынның өнім көлемін төмендетпеуімен тікелей байланысты екен. Жыл қорытындысы бойынша көрсеткішті толық орындау үшін 315 миллиард теңге есептілік тапсыру қажет болса, бүгінде 217,2 миллиард теңгеге есептілік тапсырылыпты. Яғни қалған төрт айда 97,8 миллиард теңге немесе ай сайын 24,4 миллиард теңгеден есептілік тапсыру қажет көрінеді. Сондықтан қала әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі қазіргі уақытта ай сайын кәсіпорындардың жұмыстарына талдау жүргізіп, алдағы кезеңдерде есептілік тапсыру бойынша алгоритм жасауды қолға алыпты. Бұл өз кезегінде Тараз қаласының өнеркәсіптегі өнірісінің өрге жылжуында айтарлықтай септігін тигізетіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.