«Олар Мерей екеуміздің арамызға от салғысы келеді»: Мақпал Жүнісова қызы туралы бар шындықты айтты

0 1 250

Мақпал Жүнісованың қызы Мерей жайлы жариялаған бейнеүндеуінен кейін алғаш рет ел алдына шығып, жағдайды түсіндіріп берді.

Халық артисі Алматыдағы кешінде осы жағдайға арнайы тоқталып, барлығын баяндап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Шындықты мен айтпасам, кім айтады? Қасқырдың аузы жесе де — қан, жемесе де — қан деген. Ол кезде ештеңе ұрттаған жоқпын. Концерттен кейін тамағым қарлыққаны рас,— дейді Мақпал Жүнісова.

Халық артисі осы ретте Мерей екеуінің арасына от салып, қызын иеленгісі келгендер болғанын айтты.

Қазір менің қызымды 17 жылдан кейін иеленіп алғандар бар. Бетінен сүйіп, маңдайынан иіскемендегендер сондай әрекетке барып жатыр. Олар Мерей екеуіміздің арамызға от салғысы келеді,— деді ол.

Әнші осы ретте Мерейді бауырына басқанын, марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің тірі кезінде екі баласы түсіп қалғанын айтты.

«Осыдан соң, Зәкең туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңнің ұсынысынан бас тарта алмады. Кейін қыз 18-ге келгенде шындықты айтамын деген. Биыл Мерей 20-ға толады. Бұл сырды жасырып жүргеніме Зәкең дүниден өткеннен бері 17 жыл болды. Осы жолы қызым өзінің бауырларын білсім деп айттым. Кінәламаңыздар!», — деді Мақпал Жүнісова.

Әнші Мерей алғашында тосын жаңалықты естігенде абдырап, жылағанын, дегенмен кейін бәрін түсініп кешірім сұрағанын айтты.

Кешір, мама! Мен қайда кетеді дейсіз? Бірақ папамның фамилиясын өзгертпеймін деп айтты Мерейім,— деді Халық артисі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.