Облыс әкімі Дулати университетінің ұжымымен жаңа Ата Заң жобасын талқылады


– Жаңа Ата Заң жобасында адами капиталды дамытуға басымдық беріліп, білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше назар аударылған. Бұл өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Конституцияда аталған салаларға қатысты нормалардың нақты айқындалуы жауапкершілікті күшейтеді. Осы тұрғыда университеттің профессор-оқытушылары үшін Ата Заңның жаңа мәтінінің маңызы зор, – деді педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Айсұлу Тұрарова.