Нұрболат Абдуллин кішкентай кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)

0 797

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин кішкентай кезінде түрі қандай болғанын көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары бүгінде шығармашылығымен талай жанның жүрегін жаулап үлгерген әртісті суретте танымай қалған.

Нұрболат Абдуллин бала күнгі фотосымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Желідегілер топмақ жасөспірімнің шын мәнінде бүгінде елге танымал әнші екеніне қатты таңғалып қалған. «Сол кезде маған қарамаған қыздар ақымақ», — деген жазба қалдырған әртіс суреттің астына.

Өнер иесінің аталмыш фотосы желіде бірден қызу талқыға түсті. Абдуллиннің жанкүйерлері оның кішкентай кезіндегі түріне тамсанып, өз жылы лебіздерін білдіріп жатты. «Қандай тәтті балақай», «Бұл жасөспірімнің кейін осындай атақты тұлға боларын кім білген.

Сыныптас қыздарының іші күйіп жатқан болар», «Нағыз ауылдың баласы», «Шаш үлгіңіз бөлек әңгіме», «Қандай сүйкімдісіз», «Сізге сол кезде қарамай қойған арулар бүгін жүз пайыз өкінуде», «Адам қалай өзгеріп шыға келеді», «Өзіңізді қатты жақсы көресіз», «Ақымақ қыздар. Бүгін іштерің күйіп отқан болар», — деп жазуда көпшілік.

Айта кету керек, Нұрболат Абдуллин аталмыш фотосын жүктегенмен, біраз уақыттан соң оны парақшасынан өшіріп тастауды жөн көрген. Алайда, әншінің кішкентай кезіндегі суреті түрлі парақшаларға тарап үлгерді.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.