Назарбаевтың «рухани әйелі» біраз жайттың бетін ашты

0 3 711

«AQ сөйле» жобасының кезекті қонағы – астанадағы «Айша» қоғамдық қорының жетекшісі, өзін елге «Айша қажы Әбішкеліні» деп таныстыратын Айша Оразбай.

Назарбаевтың «рухани әйелі» Halyq Uni сайтының Youtube арнасына берген сұхбатында енесінің атындағы «Әлжан Ана медресесін» салу үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағанын жеткізді.
Министрлерден көмек сұрадым, сонда бір-ақ адам жауап берді. Ол – сол кезде премьер-министр болған Қасым-Жомарт Тоқаев. Хатшысы шақырып алып, медресе салуға болады деді. Алайда мемлекеттен қаржы бөлінбейтінін айтты. Тоқаевтың хатшысы маған әзірге жерге ие бола тұрыңыз деп, уақыты келгенде көмектесетінін айтты, — дейді Айша Оразбай.

Оның айтуынша, 2012 жылы Назарбаев мешітін салу үшін Кәрім Мәсімовтен де көмек сұраған. Алайда одан қолдау түгіл, мардымды жауап та болмапты. Сонымен қатар, сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаевпен некесі, Назарбаевтар әулетімен қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, Қайрат Сатыбалдыны «крышам» деп атады.

Өзі елордада екі қабатты үйдің жанында орналасқан «Әбіш ата мешіті» деген жазуы бар тоқал тамда тұрып жатыр. Қасында екі қабатты үй – Әбіш ата мешіті мен Әлжан ана медресесінің құрылысы жүргізілуде. Жасы 60-тан асқан апаның арманы – мешіт, медресенің құрылысын аяқтап, Назарбаевпен жүздесу. Айша қажы Әбішкеліні бар байлығы – осы мешіт-медресені Елбасының жанындағы аядай бөлмеге айырбастауға әзірмін деп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.