Назарбаевтың қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде

0 6 277

Қазақстанның қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта бұдан басқа, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге қанша қаражат бөлінетіні көрсетілген. 2022 жылы бұл сома 8,1 млрд теңгені (17,4 млн доллар) құрады.
Президент Әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 млрд теңге (22,7 млн доллар), премьер-министрдің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 3,4 млрд теңге (7,3 млн доллар) жұмсалады.
Сондай-ақ шығыстардың қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер де бар. Оған 1,2 млрд теңге (2,5 млн доллар) бөлінеді. Бұл ретте Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына 1,3 млрд теңге (2,7 млн доллар) кетеді.
Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.