Назарбаев туралы кітап жазған журналист басшы болып тағайындалды

0 670

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазған журналист Айгүл Әділова «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды kaz.orda.kz.

Еске салсақ, Айгүл Әділова 2021 жылы экс-президенттен алған сұхбат негізінде «Штрихи к портрету» деп аталатын кітап жазған. Кітап Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен 1000 дана болып жарық көрді.

Артынша осы кітап бойынша деректі фильм түсірілген.

Айгүл Әділова Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика академиясында оқыған.

Бұған дейін «Бірінші Еуразия» және «Астана» телеарналарында жұмыс істеген. «Хабар» арнасында жаңалықтар және аналитикалық бағдарламалар директоры, журналистік зерттеу бөлімінде жетекші болып қызмет еткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.