Назарбаев шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

0 532

Қазақстандық медиа-менеджер Александр Аксютиц Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Бұл туралы КазТАГ агенттігі жазды.

Менің дереккөздерім Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне шұғыл түрде жеткізілгенін айтты. Оның жүрегіне кешенді күрделі ота жасалмақ, –деп жазды Аксютиц әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нұрсұлтан Назарбаев 6-шілдеде 83 жасқа толады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.