Назарбаев кеңсесіне биыл бюджеттен қыруар қаржы жұмсалмақ

0 1 258

Назарбаев кеңсесіне биыл бюджеттен шамамен 2,5 млн тг жұмсалмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Nege.kz редакциясы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа экс-президенттің шығынына қатысты ресми сауал жолдапты. Олар оның зейнетақысына, жүріп-тұруы мен туыстарын қолдауға мемлекет тарапынан ай сайын қанша қаржы бөлінетінін сұраған.

Сауалға қаржы вице-министрі Т.Савельева жауап берген.

«2022 жылға арналған республикалық бюджетте Елбасы Кеңсесінің қызметін қамтамасыз етуге 1 249, 6 млн теңге сомасында және Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз етуге 1 392, 9 млн теңге сомасында шығыстар көзделген», — делінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.