Мұқтаж отбасы баспаналы болды
Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің үйлестіруі негізінде былтырдан бастап өңірімізде «Асарлатып үй салу» жобасы іске асырыла бастағаны белгілі. Байзақ ауданынан бастау алған бұл жоба облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен жүзеге асқанын айта кетуіміз керек. Мұндағы басты мақсат – атадан балаға жалғасып келе жатқан «Асар» дәстүрін қазіргі заманда жаңғырту, халықты береке-бірлікке ұйыстыру. Жобаның ерекшелігі сол, мұқтаж отбасыға салынатын үйдің кімге тиесілі болатынын ауыл ақсақалдары анықтайтынында. Әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы 123 отбасыға былтыр осы қағида негізінде бір-бір үйдің кілтін табыстау жоспарланып, оның 120-ға жуығы өз иелеріне тапсырылған болатын. Осы істің басы-қасында жергілікті жердегі еріктілер жүргенін де айта кетуіміз керек. «Асарлатып үй салу» жобасына ат салысып, іргетасы қаланған әр үйге қолқабыс еткендер 17-28 жас аралығындағы жалындаған жігіттер. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып, жоба аясында аянбай еңбектеніп жүрген еріктілердің еңбегі өлшеусіз. Биыл да осы жоба аясында бой көтерген тұрғын үй құрылысына қол көмегім тисе деген ниеттілер аз емес. Мәселен жақында Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылында осындай бір пайдалануға берілген еді. Аталған тұрғын үйдің құрылысына ерікті жастар тарапынан құрылған «Жан жылуы» қайырымдылық қорымен, жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар және қарапайым ауыл тұрғындары да үлес қосыпты
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.
Тұрғын үйдің бой көтеруіне айрықша үлес қосқан ауыл азаматтары мен кәсіпкерлерді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов алғыс хатпен марапаттады.
Жаңа баспананың құрылысы 3 ай бойы үздіксіз жүргізіліпті. Демеушілер тарапынан 5 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалса, ерікті, ауыл тұрғыны, ұста секілді күніне он шақты адам құрылыс басында еңбек еткен. Ауыл кәсіпкерлері, сырттағы аудан тумалары, жастар мен ауданның жанашыр азаматтарының демеушілік көрсетуімен жүзеге асқан бұл жоба мұнымен тоқтап қалмайды дейді «Асарлатып үй салу» жобасының басы-қасында жүргендер.



