Мұхтар Жәкішевке премьер-министр лауазымы ұсынылды

0 2 961

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатынын айтты.

Бұл туралы саясаткер «Baitassov Live» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

– Мен Халық партиясының атынан Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатын боламын, – деді Ошақбаев.
Оның айтуынша, ҚХП өзінің басты міндеті – халық сенетін үкімет құру туралы шешім қабылдады. Ол партиялары тіркелуі тиіс қоғам қайраткерлерінің есімдерін атап өтті: Санжар Боқаев, Нұржан Әлтаев, Болат Әбілов және т.б.

Ошақбаевтың пікірінше, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек, оның барлығына тіркеу арқылы қол жеткізуге болады.

– «Байтақ» экологиялық партиясы тіркелген Азаматхан Әміртаевты неге экология министрі етіп ұсынбасқа? Немесе тіркелмеген «Еңбек» партиясы – құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев бар. Ол неге құрылыс саласын басқармасқа, – деді ол.
Ошақбаев Қазақстанда тек бәсекелесу ғана емес, халықтың игілігі үшін ынтымақтастық пен консенсустың саяси мәдениетін дамыту қажет екенін атап өтті.

– Біз жеке амбицияларды қанағаттандырумен айналыспаймыз, біз оңтайлылықты табуымыз керек. Сондай-ақ, білікті мамандар да көп емес, – деді ол.

Еске салсақ, 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының қылмыстық соты Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол бұған дейін бас бостандығынан айыру орындарында ол 11 жыл отырды.

2009 жылы Жәкішев пен оның жақтастары сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Кейбір қазақстандық құқық қорғаушылардың пікірінше, Жәкішев 2009 жылы Қазақстаннан кеткен бұрынғы банкир және қазақстандық биліктің сыншысы Мұхтар Әбіләзовпен достық қарым-қатынасы үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.