Мойынқұмдықтардың маңызды маусымға дайындықтары қалай?

0 163
Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.
Жаңа оқу жылында білім алатын оқушылар саны (болжаммен) — 2021-2022 оқу жылында 24 мектепте 6080 оқушы білім алмақ. 510 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақшы.
Педагог кадрлармен қамтамасыз ету — аудандағы білім мекемелеріндегі жалпы педагогтар саны – 983. 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 20 маманға қажеттілік бойынша сұраныс жасалынды.
Мойынқұм аудандық білім бөлімі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге биылғы оқу жылына 90 млн 150 мың тенге бөлінді. Оның ішінде оқулықтарды тасымалдауға 900,0 мың тенге қаралған. Оқушыларды оқулықпен, оқу-әдістемелік кешендермен қамту мақсатында 14 баспамен 16 келісім шартқа отырып , 30% қаражаты аударылды.
Биылғы келетін 1 сынып оқулықтары, 3,7,8 сыныптары бойынша «Информатика » оқулығы , 2-11 сыныптар арасында жетіспейтін оқулықтар, қос тілді оқулықтар және көркем –әдеби кітаптар.
Бүгінгі күнмен барлық кітаптар саны- 28877 дана жұмсалған қаражат 54 199 523 тенге жұмсалды. Сонымен бірге қыркүйек айында 1 сыныптың «Ана тілі» оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдарына сұраныс беру үшін 3 000 000 тенге қаралған.
Оқулықтар 15-25 тамыз аралығында жеткізіліп, мектептерге 100 пайыз таратылатын болады. Бүгінгі күнге 10 баспадан 80 пайыз кітап алынды.
1 қыркүйек Білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал, 2-11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарын өткізетін болады.
Жаңа оқу жылында мектеп формасы негізінен сақталады. Бірақ, эпидемиологиялық жағдайды ескере келе, қазыр еліміздің көптеген аймақтарында шектеу шаралары күшейтіліуіне байланысты мектеп формасынан бөлек, классикалық стильдегі киім киюге рұқсат беріледі (ақ жейде, қара көк, костюм, белдемше және шалбар).
Аудан бойынша 24 мектептің 22-сі бойынша №64 қаулыға сәйкес аз қамтылған, барлығы 433 оқушы қамтылады. (Қашқантеңіз бастауыш мектебінде буфеттік тамақтандыру және В.Терешкова атындағы орта мектепте аз қамтылған оқушы жоқ) Оның ішінде бастауыш сыныптарда – 228, 5-9 сыныптар аралығында – 205 оқушы. №67 қаулының №46 қосымшасына сәйкес асханаларда санитарлық талаптардың сақталуы күнделікті бақылауға алынатын болады.
№64 қаулыға сәйкесінше жоғарыда көрсетілген аз қамтылған, барлығы 433 оқушының ата-анасының өтініші негізінде жеке есеп шоттарына ағымдағы айдың 20-нан кейін бір реттік 32500 теңге киім-кешек ақшасы аударылатын болады.
Аудандағы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі жанындағы интернатына жаңа оқу жылында 25 оқушыны қабылдау жоспарлануда.Санитариялық талаптарды сақтай отырып қабылданған оқушыларға 3 мезгілді ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Ashyq бағдарламасының QR кодтары барлық білім беру мекемелерінде орналастырылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айының 30-31нен бастап білім беру мекемелерін дезинфекцилау жұмыстары жүргізіледі.
Аудан бойынша 24 білім беру мекемелерінде ағымдағы әктеу сырлау жұмыстары толығымен аяқталды және барлық санитарлық тораптар іске қосылған. Ауданда білім мекемелері 2021-2022 оқу жылына толығымен дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.