Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті

0 479

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті» деген еді.

Жалпы Жолдау жүктеген мінтеттердің барлығы да халық қамы үшін жүзеге асырылатын игі іс екені баршаға мәлім. Соның ішінде мемлкеттік көрсетілетін қызмет пен оның ашықтығы, ақпараттың қол жетімді болуы ең маңызды мәселе. Ал оның жергілікті жерде жүзеге асырылуы ең маңызды жайт.

Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының ауласында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындарға арналған мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің мамандары арнайы келіп қатысты.

Жәрмеңке барысында сөз алған Жомарт Тешебайұлы іс-шараның мақсатына, маңыздылығынакеңінен тоқталды.

– Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету және оның көрсетілу тәртібін түсіндіру арқылы сыбайлас-жемқорлық әрекеттерін жою. Мамандар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қулық-сұмдық пен «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге бармауы керек. Мемлекеттік қызмет үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, әкімшілік бөгеттерді азайту негізгі талап. Біздің көздеген мақсатымыз осы», – деді ол.

Айтулы шарада аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы; сәулет, қала құрылысы және құрылыс; жер қатынастары; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; экономика және бюджеттік жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; АХАЖ бөлімдерінің, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының; Халықты жұмыспен қамту орталығының; Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің мамандары тұрғындарды байыппен тыңдап, қойған сұрақтары, көтерген мәселелері бойынша нақты жауаптар қайтарды. Заң шеңберінде кеңес берді. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы жете түсіндірді.

Онда болған біз келушілермен тілдесіп, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі туралы ой-пікірлерін білген едік.

– Мамандардан тұрғын үй мәселесіне байланысты көкейімдегі біраз сауалға мардымды жауаптар алдым. Қарапайым халық үшін қолжетімді қызмет түрін ұсынған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді шайқорықтық тұрғын Айжан Біраудинова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.