Медициналық бұйымнан бөлек, шикізат та өндіріледі

0 457

Елімізде ауыл шаруашылығы, жол, өндіріс, құрылыс, өнеркәсіп секілді негізгі салалар экономикамыздың драйвері болып есептеледі. Өйткені аталған салалар экономикаға тиімділік әкелу жағынан айтарлықтай әсерге ие. Сол үшін де әрбір мемлекет ең алдымен осы салаларды өркендетуге күш салады. Аталған салаларда жетістік мол болса, халықтың өмір сүру сапасы артып, тұрғындардың табиғи таза өнімге, сапалы ауыз суға, тақтайдай тегіс жолға қолжетімділігі артады. Бүгінде өз өңірімізде осы садлалардың қақынды дамытуына баса ден қойылған. Әсіресе шикізаттарды өңдеу немесе қайта өңдеу ісін жандандыру арқылы нарықта үлкен сұранысқа өнімдер шығару уақыт талап етіп отырған мәселе. Бұрын медициналық бұйымдар шығарумен айналысқан Жамбыл ауданындадағы «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық өнімдерден бөлек, бірқатар салалар бойынша шикізат дайындауды да қолға алмақшы. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында аталған кәсіпорын жаңадан кешен салумен айналысып жатқаны белгілі. Ондағы құрылыс жұмыстары аяқталып, кешен толық іске қосылғанда мұнда ауыл шаруашылық, жол, құрылыс заттарынына қажетті шикізаттар нарыққа жол тартады деп күтілуде. 15 миллион дана бірреттік медициналық бұйым шығару арқылы 650 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған өндіріс орнында алдағы уақытта жұмысшылар саны еселеп өсетіні анық. Мұның жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына айтарлықтай септігі тигелі отыр.

«Super Pharm» фармацевтикалық зауытының директоры Қайрат Қаймолдаев өз жұмысын осыдан он жыл бұрын 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған кәсіпорын бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық зат шығарумен айналысып жатқанын айтады. Аталған өнімдер республика аумағынан бөлек алыс-жақынды шетелге де экспортталады екен.

Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, қайшы, пышақ секілді тағы да басқа ота жасауға арналған құрал-жабдықтар өндіріледі. Мұнда жаңадан жұмысқа орналасқан мамандар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйретіліп жатыр. Мұндағы балалар үйінен шыққан, тұрғын үйі немесе жағдайы жоқ жұмысшылар зауыт ішінен салынған жатаханада жатып еңбек етсе, сонымен қоса асханадан тегінтамақ беріледі. Алдағы уақытта экономиканы өрге сүйреуші салаларға қатысты шикізат өндіру көзделіп отыр. Оарқылы болашақта ішкі нарық сұранысы сәлде болса қанағаттандырылатыны анық, – дейді ол.

Бұған дейін медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдаған кәсіпорын, енді сол шикізат зауыт аумағында өнірілетін болады. Қажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 миллиард теңге қаржы жұмсалыпты. Келер жылдың мамыр айында іске қосылатын атиалған кешен алдағы уақытта 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.