Мәселе бір аптаның ішінде белгілі болады: Төтенше жағдай жариялана ма?

0 575

Қызылорда облысында құрғақшылық пен мал азығының жетіспеуіне байланысты Төтенше жағдай жариялануы мүмкін деген ақпарат тарады. Ұсынысты Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі жасаған. Өңірде төтенше жағдай жариялау үшін бірнеше органдардың келісімін алуы керек дейді.

Осы мәселеге байланысты Nege.kz сайтының сұрағына Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова Гүлшара  Наушақызы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.

Әкімінің айтуынша, облыс бойынша төтенше жағдай жарияланбайды.

«Өйткені бұл жағдай Арал ауданында тіркеліп отыр. Қазір Арал ауданында мал өлімі тоқтады. Бірақ Арал ауданы әкімдігі басқа құзырлы органдармен бірігіп төтенше жағдайлардың қажеттілігі немесе оның енгізілуі бйынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдайдан бұрын практикалық түрде іс-шараларды пайдаланып жатырмыз. Бағана айтып өттім, Арал ауданына 500 тоннадан астам мал азығы жеткізілді.

Ендігі мәселе қыс айларына дайындық. Төтенше жағдайға байланысты мәселе бір аптаның ішінде белгілі болады. Егер мал басы санының кемуі болмаса, көмек жеткілікті болса онда төтенше жағдай болмауы мүмкін», – дейді.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.