«Мақпалға Зәкеңнің көзін құрт деген тапсырма берілді…»

0 6 578

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, сырын ақтарды.

Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділовпен тату-тәтті тұрып, 27 жылдан соң Мақпал Жүнісоваға үйленіп кеткені жүрегіне қатты батқан.

«Заманбектің кейінгі махаббаты есепке құрылған махаббат қой. Кейбіреулерге сол керек те болған шығар. Мақпалға қосу арқылы Зәкеңнің көзін құртқысы келгендердің қитұрқы әрекеті ме деп те кейде ойлаймын.

Мүмкін Мақпалға сондай тапсырма берілді ме екен?! Оны кім біледі?! Заманбек менімен тұрған кезде жағасы кірлемей, үнемі ақ көйлек киіп жүретін. Ал Мақпалға кеткелі ақ көйлек кимейтін болды. Соны байқаған Қайрат пен Құралай әкелеріне ақ көйлек сатып алып берген кездер де болатын, — дейді Нұрбике Нұрқаділова.

Айтуынша, өзі Мақпал Жүнісовамен тілдескен адам емес.

«Заманбек менімен жүргенде қызметі өсті, дені сау болды, ішімдікке де құмар емес еді, толық та емес болатын. Қалай Мақпалға кетті, денсаулығына да, өзіне де, қызметіне де қарамай кетті. Зәкең барда да, ол өмірден кеткеннен кейін де Мақпал сөйлескен адамым емес», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.