Мәдениеті мәуелеген өңір

0 189

Топырағы киелі, ән мен жыр қонған Т.Рысқұлов ауданы талай тектіні тудырған өлке. Қай саланы алып қарамасақ та, облыс, ел намысын асқақтатып жүрген, дарыны мен қарымы келіскен талантарға кенде емес. Әсіресе, мәдениет, спорт саласында ауданның шоқтығы әркез биік.

Әрине мұның барлығы ұзақ жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың, маңдай тердің, еселің еңбектің арқасы. Бір қуантатыны, талай жылдан бері жолға қойылған, мәдениет саласын мәуелету бағытындағы жұмыстар аймақта бүгінгі таңда да қарқын алып, жаңаша жандану үстінде. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру жолында мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бағытында барлығы 53 мәдениет ошағы қызмет көрсетуде («Мэлс Өзбеков атындағы» аудандық мәдениет үйі, «Сұлутөр» кинотеатры 7 ауылдық мәдениет үйі мен 13 ауылдық клуб, 31 кітапхана).

Ауданда халықтық атағы бар 5 ұжым бар. 2021 жылдың 7 айында ауданда 751 мәдени көпшілік іс-шара өткізіліпті. Оның ішінде 199-ы онлайн іс-шара.

Бүгінгі күні ауданның кітап қорында 215908 дана кітап бар. 146198 данасы мемлекеттік тілде. Кітап берілімі – 78419 дана, оқырман саны 7789 адам.

Сондай-ақ 1 коворкин орталығы 15 цифрландырылған ақпараттық орталық халыққа қызмет көрсетуде. Ашылған ақпараттық орталықтар е.gov.kz порталы арқылы 23 қызмет түрін ұсынуда. Биылғы жылы 2058 қызмет көрсетілген.

Мәдениет нысандарының құрылыс жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Құмарық, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйлерінің жапсарлас қазандықтары (газбен) және Қорағаты ауылдық мәдениет үйінің (қатты отынмен) қазандықтары модульдік қазандыққа ауыстырылыпты.

Сол секілді жапсарлас қазандықтары бар Луговой, Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйлеріне газ жүйесімен жылытылатын және Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйіне қатты отынмен жылытылатын модульдік қазандық сатып алуға биылға облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілген.

Бұдан бөлек 2021 жылға «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында «Мэлс Өзбеков» атындағы аудандық мәдениет үйі (құны 64,5 миллион теңге), «Сұлутөр» кинотеатры (құны 58,3 миллион теңге), Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі (құны 72,1 миллион теңге) күрделі жөндеуден өткізілуде.

Спорт саласында да соны серпін байқалады. Бүгінгі таңда аудандағы 170 спорт нысаны аудан тұрғындарына қолжетімді. Ең маңызысы ақысыз пайдаланылады.

2021 жылдың 6 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 33,4 пайызын құрапты. Жалпы 6 айда ауданда 73 спорттық іс-шаралар өткізіліп оған 3112 адам қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.