Мәдениет саласына мән берілуде

0 5

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы ел дамуының негізгі бағдарламалық құжатында көрсетілген міндеттемелердің барлығы ел экономикасын өсіруге, ауыл шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, спорт салаларын жандандыруға бағытталған.

Жолдаудағы ең маңызды жаңалық — Мемлекет басшысының мәдени сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлінбей отырғанын айта келіп, ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің айлығын көтеру туралы шешімі. «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл-ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», деген Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырды.

Осылайша енді мәдениет саласы қызметкерлерінің міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді алу мүмкіндігі білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен теңесетін болды. Бұл еліміздің руханиятына деген ерекше қолдау һәм сала мамандарына артылған үлкен жауапкершілік.

Жолдау жүктеген міндеттер аясында бүгінгі таңда Шу ауданында кешенді жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары ауданда мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде мәдениет саласының кем-кетігі бүтінделіп, жоқ-жітігі түгенделуде. Ең маңыздысы сала мамандарының еңбегі еленіп, еңбекақысы көбейіп, елді мекендерде мемлекеттік бағдарламар бойынша мәдениет ошақтары бой көтеруде. Орта және ағымдағы, күрделі жөндеуден өткен нысандар көп. Жалпы ауданда 45 мәдени ошағы халыққа қызмет етуде. (жиырма мәдениет үйлері мен клубтар, жиырма бес кітапхана). 2021 жылдың 6 айында 342 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 35100 көрермен қамтылған (6750 онлайн қаралым). Ағымдағы жылға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қонаев ауылындағы 180 орындық клуб құрылысын жүргізуге және Балуан Шолақ ауылдық клубы мен аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінген.

Аймақта мәденит саласына серпін беру бағытында қолға алынған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.