Мәдени салада мәнді іс көп

0 170

Өз алдымызға ел болып, еңсе тіктегенімізге де биыл үш онжылдықтың жүзі болды. Осы мерейлі датаға орай Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық мәдениет үйі және оған тиесілі барлық ауылдық клубтарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 іс-шара өтті. Тәуелсіздігімізге тәу етіп, жас ұрпаққа азаттықтың мәнін ұқтыруды көздейтін аталмыс іс-шараларға 2 мың 100 адам тартылды. Мәселен «Тілім барда, елім бар» атты аудандық онлайн жыр мүшайра, Алғыс айту күніне орай «Бір атаның балалары» атты театрландырылған көрініс, ән шашу, «Аналар- асыл жандар» атты онлайн мерекелік концерт, «Сарысу ханымы-2021» атты офлайн өнер және танымдық кеш, «Тәуелсіздік тұғырым» атты «Асыл аналар» тобының концерті, «Талант» көркемсурет студиясының «Тәуелсіздік күні — ұлы күн!» атты табиғат аясындағы  онлайн көрме, «Отаным – шырқата салған әнім!» онлайн аудандық патриоттық ән байқауы, «Талант» көркемсурет студиясының «Тамаша табиғатым» атауымен өткен табиғат аясындағы көрме, Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлы дала күйімен тербеледі» атты ашық аспан астында күйшілер концерті, «Ауылым — алтын бесігім» атты ауылдық клуб өнерпаздарының концерті секілді іс-шараның барлығы да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Қазақ поэзиясының тұлғасы, жыраулық өнердің соңғы тұяғы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына арналған 10 іс-шара өткізіліп, 540 адам қамтылды. Мысалы көптің көкейінен орын алған «Жырдың сарқылмас дариясы» атты онлайн шығармашылығына арналған тарихи таным кеш, «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты онлайн әдеби сазды кеш, «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты танымдық кеш, «Жырым қалсын – халқыма!» атты тарихи тұлға таным жыр кеші, «Шешен кісі- сөз бастар, адал кісі- ел бастар» атты жасөспірімдер арасында шешендік сөздер байқауы, «Жыр алыбы-Жамбыл» және «Ғасыр сазын тербеткен» атты әдеби сазды кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауын іске асыру мақсатында 7 іс-шаралар өткізіліп, 410 адам қамьтылды. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауды насихаттау, «Жаңа жолдау, жаңа серпіліс», «Жолдау- оң өзгерістің бастауы», «Жолдауды қолдаймыз» атты дөңгелек үстелдер мен «Қазақстан жаңа дәуірде» атты сұхбат кеш өткізілді. Мемлекеттік мәні бар осындай шаруалардың ауданда лайықты деңгейде ұйымдастырылуы елдік деңгейге негізделген іс-шаралардың мәнін аша түсетіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.