Конституция мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дөңгелек үстел өтті

0 105

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Ата заңым — Айбыным» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысып, тақырып аясындағы өз пікірлерін ортаға салды.
Әрі қарай қатысушылар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылып, қолөнер шеберлері өнер туындыларына арналған көрмеде өз туындыларын ұсынды.
Ұйымдастырушылар мен «Жаңа-Ру жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің демеушілігімен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.