Киевке қалың танк колоннасы келе жатыр

0 1 479

Киевтің түбіне Ресей Қарулы күштерінің әскери техникасы мен танкілерінен құралған қалың қол келе жатыр. Мұны УНІАН ақпарат агенттігі Maxar Technologies ғарыш компаниясына сілтеме жасап хабарлады.

Maxar-дың спутниктен түсірген суреттеріне қарағанда, қалың танк колоннасының ұзындығы – 64 шақырымға созылып жатыр. Арасында бронды техника, танк, артиллерия мен басқа транспорт құралдары бар.

Әскери конвой Киевтен 10 шақырым жерде жатқан Антонов әскери базасына қарай жол тартып барады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.