«Керек болса, ядролық қару қолданамыз»: Рамзан Қадыров Украинаға сес көрсетті

0 883

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Telegram-дағы Kadyrov_95 арнасында бейнежазба жариялап, Украина әскеріне сес көрсетті. Қадыров екі ел арасындағы соғысқа қатысты өзінің пікірін білдірді.

 

Рамзан Қадыров бейнежазбаны Путинді мақтаудан бастады. Оның әрекеті дұрыс екенін айтып, бұл соғыста жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, сөз арасында қажет болған жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтты.

– Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның барлық бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар, мен оның жаяу сарбазымын. Бұл үшін мақтанамын, – деді Рамзан Қадыров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.