«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті

0 104

Бүгін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.

Шара барысында өңір тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеке мәселелерімен қайырылып, тұшымды жауаптар алды. Алғаш болып келген Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы ана Жұлдыз Көпжасарова тұрғын үй кезегінің жылжымай жатқанына шағымданды. Тұрғынның сауалына Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Асанәлі Тукебаев пәтер тек белгілі бір тәртіппен ғана берілетінін жеткізді. Сондай-ақ, пәтерді жалға алып тұратын көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылғанынан хабардар етті. Яғни, пәтер иесімен келісімшарт болатын болса мемлекет пәтер ақының 50 пайызын мемлекет төлеп береді екен.

Ал, Байзақ ауданынан келген Бахтияр Закуновке 1,5 жастағы қызының денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындау бойынша кеңес берілді. Тұрғынның мәселесін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы бақылауларына алды.

Сонымен қатар, Жамбыл ауданының тұрғыны Дана Құдайбергенқызы «Шизофрения» дертіне шалдыққан ұлынан мүгедектігі алынып тасталғанын жеткізді. Мүгедектікті қайта рәсімдеуге ұлын тиісті мекемелерге жеткізуде дерті қиындықтар туғызатын көрінеді. Осыған байланысты тұрғын сала мамандарынан көмек сұрады. Өз кезегінде, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арнайы мамандарды дерт шалдыққан азаматтың үйіне барып, тексеру жүргізетін болып келісілді. Тексерістен соң анасына мүгедек баланы асыраушы ретінде мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы тағайындау мәселесі де қарастырылатыны да түсіндірілді.

Тақырыптық қабылдау барысында өзге де азаматтарға пәтер, жер кезегі тәртіптері туралы кеңестер берілді. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету жақтары да қарастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.