«Халық террорист емес»: Тәртіпсіздікке қатысты ұсталғандардың туыстары Шымкент изоляторында митинг өткізуде

0 469

Шымкентте тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың ата-аналары мен туыстары жиналып, тергеу изоляторының алдында митингке шықты. Олар жақындарының кінәсіз екендігін және бүлік кезінде кездейсоқ қамауға алынғанын алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қамаудағылардың туыстарының айтуынша ол кезде оқиға орынында кездейсоқ тап болған жандарды да бүлікші деп ұстаған.
“Қарапайым халық террорист емес!” деген плакаттармен жарлары, аналары мен әкелері тергеу изоляторының алдына жиналған.
Гүлчехра Жанбосынованың айтуынша 5 қаңтар күні оның ұлы блогерлікпен айналысып видео түсіріп жүрген кезде көшеде ұсталған.
“Менің ұлыма еш дәлелсіз террорист деген айып тағып отыр. Оның жасы небәрі 18-де. Өзі блогерлікпен айналысады. Көптеген іс-шараларды түсіреді, оны мерекелік кештерге шақырады, қосымша автосалонда жұмыс істеп, осылайша ақша табады. Сол күні көшедегі айқайларды естіп, түсіруге кетті. Алыстан түсіріп жүріп, оқтың дауысын естігесін барлығымен бірге қаша бастаған кезде оған тапанша тақап қашсаң атамыз деп қорқытып, қамауға алған. Оны соққыға жыққан, қинаған. Ұлым қатты шошынып қалған. Ол әлі жас қой, өмірі алда”-, деді Гүлчехра Жанбосынова.

Тағы бір тұрғын Жансая Мырзалинованың сол күні тоналған супермаркеттің жанынан өтіп бара жатқан 42 жастағы күйеуін ұрлыққа қатысты деп қамаған. Ол жарының төрт баланың әкесі екендігін айтты.
“Ол видео түсірген жоқ. Тіпті оның камерасы да жоқ. Сол күні жұмыстан келе жатқан. Біздің балаларымыз бар. Осындай жаста қайдағы террорист? Прокуратура біздің саулымызға кейін жауап беретінін айтты. Ал заңгерлер сауатты адвокаттар жалдау арқылы әділеттілікке қол жеткізуге болады дейді. Оны жалдауға қаражат табылмаған жағдайда қаңтар айында ұсталғандар туралы мәліметтер жинаумен айналысатын адам құқықтары жөніндегі комитетке жүгіне алатынымды айтты”,-деді Жансая.

Leave A Reply

Your email address will not be published.