«Ескі кадрлар Тоқаевты тақтан тайдырмақшы»: депутат сұмдық нәрсені айтты

0 2 221

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстанды” ескі кадрлар арқылы құру мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ескі жүйеде жұмыс істеп үйреніп қалған шенеуніктер, жаңаша тірлік жасай алмай отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы депутат өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда ол референдумда көтерілген мәселелердің біреуі де оң шешімін таппағанын айтады.

Оның айтуынша, шарықтап кеткен баға, жұмыссыздық, ауыз су мәселесі, жанар-жағар май, қант тапшылығы секілді елді титықтатқан мәселелерді Үкімет шешуге асығар емес. Ал мұны Еділ Жаңбыршин ескі Қазақстанның ескі кадрларының кесірінен көреді.

«Ескі жүйеде жұмыс жасап қалған шенеуніктер, жаңа жағдайға бейімделе алмай, жаңаша жұмыс жасай алмай отыр. Ескі «Жигули» қанша әдемілесеңде «Тойота» бола алмайды. Қанша рет айттық, жаңа кадрлар керек деп. 8 айда ештеңе жасай алмаған Үкімет, енді бірдеңе қатыра қояды дегенге өз басым сенбеймін», — деп жазды депутат.

Сондай-ақ ол экономиканы «жаулап» алған олигархтардың әлі күнге баяғы тірлігін жасап отырғанына қынжылыс білдірген. Депутат мұның артында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты халық алдында беделсіз етудің амалы жатыр деп қауіптенеді.

«Ескі кадрлар мен экономикаға кіріп алған «паразиттердің» ойы мемлекет басшысының халық алдында беделін түсіріп, тақтан тайдыру. Алдағы уақытта олар өздерінің қуаттары мен ресурстары күйреп, халықтың әл-ауқаты артатынын біледі. Шамалары келгенше қарсыласуда. Қарсылық барлық салада және деңгейде жүріп жатыр!», — деді Еділ Жаңбыршин.

Еділ Жаңбыршин өзекті мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынды.

«Биліктің барлық тармағына жаңа, таза адамдарды әкелу қажет. Тек мемлекет мүддесін ойлайтын. Ондай азаматтар 19 миллион халықтың ішінен табылады. «Паризиттерді» құрту керек, әйтпесе қоғамда үлкен «эпидемия» болады. Мұны тез жасау керек. Жаңа жылға дейін. Шыдамныңда шегі бар екенін ұмытпаған жөн!», — деді депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.