Ерліктің ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлы

0 174

24-і желтоқсан халық қаһарманы Б.Момышұлының 111 жылдығына орай Жібек жолы көшесінде орналасқан Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімі Олжас Қаржауов бастаған мекеме басшылары мен ауданның құрметті азаматтары қатысып, гүл шоқтарын қойды.

Әрі қарай ұлы тұлға, мақтанышымыз, батыр Бауыржанды еске алуға 1 минут үнсіздік жарияланды.

Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы қазақ халқының біртуар батыр ұлы, жерлесіміз, қаһарман қолбасшы, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 111 жыл толуымен жиналған көпшілікті шын жүректен құттықтап, батырдың ерлігімен өмір жолына тоқталды.

-Халқымыздың тарихында ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батырлар аз болған жоқ. Солардың ішінде жерлесіміз Бауыржан Момышұлының орны да өзгеше, атағы да айрықша, тұғыры да биік.
Қазақ дейтiн халық еске түссе, әлем Бауыржан Момышұлындай қайсар ұлын еске алады.
Жүз жыл, тiптi, бiрнеше ғасырлар өтсе де, Момышұлы айтқан әрбiр қағида ұрпақ жадында мықтап сақталары сөзсiз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Батырдың
80 жылдық мерейтойында, 1990 жылдың 12 желтоқсанында қазақтың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлы атындағы
1 ауыл, 47 көше, 7 мектеп, 1 саябақ бар.
Бауыржан Момышұлы өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен, намыстылығымен халқымыздың орынды мақтанышына айналған ұлы тұлға. Оның есімі ерлік пен өрлік символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, — деді.

Әрі қарай еске алуға арналған іс-шаралар батыр атындағы музей мен өзі туған Мыңбұлақ ауылдық округінде жалғасып, аудан орталығындағы мәдениет үйінде мектеп оқушыларына батыр жайлы » Бауыржан Момышұлының ғибратты ғұмыры» атты деректі фильм көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.