Ер адам медициналық мекеменің алдынан жедел-жәрдем көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

0 310

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында медициналық мекеменің алдынан жедел-жәрдем көлігін айдап кеткен 30 жастағы мас адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға шамамен бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында орын алды. Ер азамат аяғын жарақаттап алып, үйіне жедел-жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері науқасты ауруханаға жеткізгеннен кейін тиісті ем-дом шараларын көрсетіп, үйіне баруына рұқсат еткен.

Ал 1990 жылғы П. есімді азамат үйіне жету үшін медициналық мекеменің алдында тұрған жедел-жәрдем көлігін айдап кетуді көздейді. Көлікті айдап кеткен 30 жастағы азамат шыға бере, сол ауылдағы мектептің қоршауын соққан. Ол аяғындағы жарақатына қарамастан қоршаудан секіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда материалдық шығын соммасы анықталуда. Ал жедел жәрдем көлігін айдап кеткен азамат ұсталды. Айта кету керек, жігіт масаң күйде болған.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.