Енді төрт түлігін қараусыз қалдырғандар айыппұл төлейді

0 244

Тәртіп сақшылары ауыл шаруашылығы малдарының иелерімен профилактикалық жұмыс жүргізуді тоқтатпайды.

Малды өрісте еркін жаю жалғасуда.  Ал олардың иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және жолдардағы автокөлік қозғалысы бойынша  елеулі қауіп-қатерге алып келеді.

«Заң жүзінде қараусыз мал иелерінің немесе бақташылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер күшіне енді.  Енді оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы қолданылады, ол иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзумен қатар, ауыл шаруашылығы малдарын  жаю ережелерін  бұзуды да  қамтиды. Кодекс бабының  санкциясы бойынша  3 айлық есептік көрсеткіш (8 751 теңге) мөлшерінде  айыппұл салуды көздейді. Егер қараусыз  мал  адам денсаулығына  немесе мүлікке зиян келтірсе, айыппұл 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) мөлшеріне  дейін өседі», — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта облыс бойынша үй жануарларына қатысты жол-көлік оқиғасы  тіркелген жоқ.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.