«Ел экономикасына зиян келтіріп, өз бизнесін дөңгелетті»: Құлекеев Назарбаев жайлы бар шындықты жайып салды

0 2 332

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған кезде түрлі министрліктерді басқарған экс-шенеунік, қазір белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев «Сұрауы бар» бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы kaz.orda.kz. жазды. 

Оның айтуынша, Елбасы отбасы ел экономикасына зиян келтіріп, өз бизнестерін домалатып отырған.

 «Мысалы сіз инвестор ретінде шетелден үлкен қондырғы алып келіп үлкен зауыт ашқыңыз келеді. Дәл сондай зауытты «семьяның» мүшелері де салғысы келеді. Сіз қондырғыны шетелден алып келгенге өте көп салық төлейсіз, ал олар салық төлемейді. Сосын өндірісті бастағаннан кейін бірінші күннен бастап сіздің артыңызда салық инспекторлары жүреді, жаныңызды қоймай барлық тиісті салықты төлетеді. Ал жаңағы заттарды арзанға алып келген, шикізаттың барлығын арзанға алып келіп жатқан беделді топтың өкілдері салықтың ешқайсысын төлемейді. Сонда сіз бизнесіңізді қалай дамытасыз? Ананың шығарып отырған заты сізден екі есе арзан болады. Екеуіңіз нарыққа барған кезде сіз жұмыс істей алмайсыз» деді Жақсыбек Құлекеев.

Сонымен қатар, Құлекеев мұндай әділетсіздік Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі сынаған масылдыққа алып келгенін айтты.

 «Отбасының  (Назарбаев отбасы) жасап отырған нәрсесі біздің қоғамда бәсекелестіктің дамуына, кәсіпкерліктің дамуына өте үлкен зиян тигізген зат. Біз заңды түрде отбасын, елбасының айналасындағы отбасы мүшелерінің барлығын заңнан жоғары қойдық. Олар заңға бағынған жоқ. Оның барлығын заңдастырып қойдық біз. Олар айтады: «мен адам өлтірсем де сотталмаймын», – деп. Соның бер жағында салық төлемеу деген не? Олар заңнан жоғары болғаннан кейін әділетті қоғам болуы мүмкін емес» деп пікір білдірді экс-шенеунік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.