Экс-президент кез келген сотқа онлайн қатысуға дайын екенін мәлімдеді

0 379

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев «Жаны Ордо» газетіне берген сұхбатында кез-келген сотқа қашықтан қатысуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бакиев Лондондағы Халықаралық сотта ұлы Максим Бакиевтің ісіне қатысты процеске онлайн қатысқанын айтты.

«Мен кез-келген халықаралық сотқа қатысуға дайынмын. Менің аты-жөнім тарихта және халық алдында таза болуы үшін бәріне дайынмын. Маған шындық пен ақиқат керек. Қырғызстан билігі менің қайда тұрып жатқанымды біледі. Мен Минскідегі резиденцияда тұрамын. Ешкім маған қандай да бір іс бойынша айып тақпады. Қазір барлық елдің президенттері отырыстарын онлайн өткізіп жатыр. Егер мені сотқа онлайн шақырғысы келсе, мұны істейтін еді. Мен келісер едім», — дейді экс-президент.

Еске сала кетейік, Құрманбек Бакиев 2010 жылғы сәуір революциясында Қырғызстан билігінен қуылды. Наразылық акциясы кезінде 90 адам қаза тапты.

Беларусьтен саяси баспана алған Бакиев Қырғызстанда сырттай сотталып, 30 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның інісі Күзет қызметінің басшысы Жаныш Бакиев өмір бойы түрме жазасына кесілген. Ұлы Марат 30 жылға сотталған. Кіші ұлы Максим Бакиев те бірнеше қылмыстық әрекеттер бойынша айыпты деп танылып, өмір бойы түрме жазасына кесілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.