Экономиканың маңызды саласы
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
2024 жылы 24 235,6 гектар егін алқабы егілді. Егістік жердің 97,2% игерілді. (Күздік бидай 4585,3 га, жаздық арпа 7176,5 га, дәндік жүгері 754 га, мақсары 4540 га, картоп 16 га, көкөніс 114,1 га, бақша 95 га, көп жылдық шөп 6 954,5 га).
Аталған егістік алқаптарына 2 330 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы егіліп, 3 300,5 тонна селитра және аммофос тонна тыңайтқыштары енгізілді. Минералды тыңайтқыш алу жоспары 102,7%-ға орындалды. Мал қыстату науқанына 240 000 тонна мал азығы қоры жиналды. Қазіргі таңда, мал қыстату науқаны қалыпты өтуде.
Ауданда барлығы 672 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген (28 комбайн, 381 трактор және 263 қосалқы техника). 2024 жылы 852,9 млн. теңгеге 67 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңадан сатып алынды (1-комбайн, 36-трактор, 30-қосалқы техника). Жаңарту көрсеткіші 10%-ды құрайды.
Былтыр егін егу және ору жұмыстарына 669,3 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, 250 теңгеден сатылды (нарықтағы бағасы 295 теңге). 2025 жылға 1012 тонна жеңілдетілген дизель отынына сұраныс жолданды. Бағасы нарық бағасынан 18-20% төмен болады.