Дүкен алдындағы велосипедті айдап кеткен «шабандоз» қолға түсті

0 558

Тараз қаласының Полиция басқармасына «Феникс» маркалы велосипедінің жоғалғаны туралы қала тұрғынынан  шағым  түсті. 43 жастағы иесінің айтуынша, велосипедті  дүкеннің  алдындағы алаңға   тұраққа  қойған.  Келтірілген залалдың көлемі   110 мың теңгеге бағаланды.

Полиция қызметкерлерімен  «ізін суытпай» осы ұрлыққа қатысты күдікті  ұсталды.

Сол күні жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған  велосипедке ұқсас арбаға мініп келе жатқан күдіктіні ұстады. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі  іс жүргізілуде.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.