Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді

0 40

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді. Өнер иесі Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түсірілім алдағы күндері басталады.

Сапар аясында Димаш өзі білім алған М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы мен музыкант ретінде қалыптасуына негіз болған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне барып, ұстаздарымен кездесті.

«Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өтеді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

MadeniPortal.kz.

Фото: әлеуметтік желі

Leave A Reply

Your email address will not be published.