«БҮРКІТ КҮЙІНІҢ» АҢЫЗЫ
жылуатты шөптесін жерге қайырып қарап жүріпті. Бір күні ауа райы аяқ астынан бұзылып, кері биеден көз жазып қалыпты. Таба алмай дағдарған иесі таңертең ізімен қуалап келе жатса, биесі қалың тобылғы арасында құлындап, еркек күрең құлынды емізіп тұрыпты.
отырады. Теректің түбіне барып кері биенің шуын берейін деп ағаш басына
іліп көтерсе, бүркіт қималдамапты, тас лақтырса да, қозмалмапты. Анықтап қараса, қанатына қалың мұз қатып ұша алмағандай көрініпті. Бұл тәңірдің маған берген киелі құсы болмасын, ала кетіп, күрең құлынмен бірге
мәпелеп бағайын деп, бүркітті ұстап алып, тонына орап, үйіне әкеліп бағады. Құсты үш жыл ұдайы бағып, күзде қайырып, түлкіге салса, үш жыл бойы түлкі алмай қойыпты. Құсбегі сонда да қоя беруге қимапты. Күрең құлынмен бірге бағып, бірге кәртейтейін, түлкі алмаса да, бағып қағайын деп баға береді.
адам келіп қонақ болады. Әңгіме үстінде әлгі адамға бүркіттің жағдайын
баяндаған екен, жолаушы бүркіттің күміс құймалы томағасын тартып,
жемсауын, тегеурінін, сан етін ұстап көріп:
— Сенің бұл құсың Нарынның сары шегірі екен. Мұның алдына құс өтпейді.
Асқан қыран. Бірақ қазір құстың әлі екі түлеуі кем екен. Енді үш түлетіп, қар бір жауғанда аңға шық, көзіне не көрінсе, соны алар. Қыстай қынадай қырып алады да, ел жайлауға шыға құсты өз бетіне қоя бер. Күзде өзі қайтып келеді.
Сонымен Тіней тез байып, қорасына қой, өрісіне жылқы салыпты. Келер жылы ел жайлауға шыққанда, құсын қоя берсе, күзде қайтып келеді екен. Сөйтіп, Тінейдің сары құсы шаңырағына қонып кеткен үйге ырыздық еніп, дәулет
бітіпті. Бір күні Тіней құсын қолына қондырып, күрең атына мініп, қағушысын ойға тастап өзі бір биікке шыққан екен. Сарышегірі «қоя бер» деп тілепті.Томағасын тартқан бүркіт лақтырған зақпының тасындай зымырап көкке шығып, бір уақытта бір қыраттың астына қарай түйіліп оқша жөнеліпті. Артынан шауып жетсе, Сарышегір бір тайыншадай қасқырдың арланына түскен екен.
Тіней көрмепті. Сарышегір бір аяғымен таңнан алып, енді бір аяғымен кеуілжірін ноқталай ұстап, бүктеп астына басқанда, қасқырдың езуінен
түйреп кірген бір тегеурінін қасқыр шайнап жіберген екен. Сонда долы
қасқырды онан ары бүре түсіп, Тінейге де бермей, кеудесін тесіп жіберіп
шыңғырта тартып қасқырдың өкпесін жұлып алады. Сонан соң бүркіт тік
көтеріліп аспанға шығып көрінбей кетеді. Әдетте, иесі келгенде олжасын тастап, бір шетте отыратын Сарышегірдің мына мінезіне қайран қалған Тіней, екі көзін аспаннан алмай қарап тұрады. Таңырқайды. Бір заманда құс зеңгір көктен Тінейдің өзіне тіке қарай зымырайды. Бұрын қапысыз қыранның аяғын шайнатып алғанына ашуының басылмай келе жатқанын көрген Тіней әлгі жолаушының «ашуы қайтпаса, адам алар» деген сөзін есіне алып,
қатты қауіптенеді. Зымыраған бүркітке құлақ түріп, көз тіге күрең аты
кісінеп, жер тарпып шиыршық атады.
бүркітіне созғанда, қыран сәл тайып барып бір төбеге қонады. Тіней бүркітін үйіне әкеліп, аяғын емдеп сылап-сипап, ашуын басып, әбден сауықтырып, арада бірнеше айды өткізіп, арқар алдырайын деп аңға тағы да
шығыпты. Бір төбеге шыққанда бүркіт тіленіп ұшып бір қыратты асып
зымырап кеткен екен. Тіней артынан шауып жотаға шықса, сайдың басынан
аузына дейін алты арқарды, тақыр шаптан бір-бір есіп тастап, біреуінің тамағынан сығып, басына қонып отырыпты. Қыранына бір кесек қызыл жұтқызып, томағасын кигізіп отырғызып қойып, өзі арқарларын бауыздап
союға кіріскенде қыран тағы да ұшамын деп тіленіпті.
топшысын жазып, шабыттанып жадырап қайтсын деп томағасын тартып қоя беріп, өзі арқарларды союға кірісіп кеткен екен. Алты арқарды сою аз жұмыс па, кеш батып, көз байланыпты, бірақ қыраны қайта оралмапты.
Кейде, Сарышегірдің Тінейден бұрын үйге барып алатын әдеті де болады
екен. Үйге төте тартқан болуы керек деп қайтып келсе, құсы келмепті.
Қайта атына міне шапқан Тіней, бір жотаға шығып, «кә-кәласа» ештеме
көрінбепті. Бір заманда төменгі бір адам баспайтын шатқалдан жарық-жұрық
еткен сағым, будақталған шаң шығыпты.
шығарып жіберіпті де, содан дәу айдаһар, дүниені талқан қылып осы жерге келгенде, төбесін тесіп жібергендіктен миы шашылып, өлген екен, Құстың тұла бойы жарақаттаныпты. Осыдан соң, Тіней қатты ауырып жатып қалыпты.
Ауруының аужәйін түйген Тіней туыс-туған, көрші-қолаңдарын шақырып алып: — Бұл аурудан жазылмаспын. Мен өлгеннен кейін Сарышегірімді қоя
беріңдер. Енді оның бабын ешкім білмейді. Өзімді ауылдың батыс жағындағы
жазыққа қойып, айнала қорған жасаңдар, күрең атымды да қоя беріп, жылыма сойып, ас беріңдер.
Күрең аттың бір жақ қазысын соған беріңдер! — деп өсиет қалдырыпты.
— Айтып айтпай, Тіней қайтыс болыпты. Жыл уағы толғанда, Тінейдің күрең
атын асына сойып жатқанда, Сарышегір аспанда пайда болып, Тінейдің шаңырағын үш айналып, онан соң Тінейдің бейітіне келіп қонған екен.
«Күрең аттың қазысын өзіміз жемей, алжыған бүркітке береміз бе» деп есер біреулер аттың жарым өкпесін лақтырып берген екен, Бүркіт өкпені іліп
алып, ауылды бір айналып ұшып, қиян көкке самғап шығып кетіпті, бір уақытта, ысылдаған дауыс шығып, бүркіт оқтай заулаған беті өзін Тінейдің бейітіне бір-ақ ұрып, күл-талқан болған екен.
«Бүркіт күйі» аталып келеді.
(Желіден алынды)