Былтырғы желтоқсан соңғы 30 жылдағы ең жылы қыс айы
2021 жылдың желтоқсаны аномальді жылы болғаны белгілі. «Қазгидромет» РМК-ның синоптиктері бұл жолғы желтоқсанда еліміздегі соңғы 30 жылдағы ең жылы ауа райын тіркеді. Оның себебі де бар, деп жазды turkystan.kz.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Республиканың басым бөлігінде, көбінесе айдың екінші жартысында қар жауып, боран соғып, кейде қатты жауын-шашын жауды. Еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауды. Қатты жауын-шашын бірінші онкүндіктің аяғында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 18 миллиметрге дейін байқалды. Ай ортасында Түркістан облысында 25 миллиметрге дейін жауды. Сондай-ақ, тұман мен көктайғақ құбылыстары байқалды. Ай басында күндізгі ауа температурасы батыс аймақтарда +6 градусқа, ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда +12+25,7 градусқа дейін көтерілді.
2 желтоқсанда Шымкент (Түркістан облысы) метеобекетінде +25,7 градус тіркелді. Бұл жоғары көрсеткіш болды. Кейінгі рет ең жоғары ауа температурасы 1987 жылы 24 желтоқсанда (+25,4 градус) байқалды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында да рекорд көрсеткіш тіркелді. Аққұдық метеобекетінде 1 желтоқсанда ауа температурасы +22,6 градусқа дейін көтерілді. Соңғы рет абсолютті максимум 1981 жылғы 16 желтоқсанда (+22,0 градус) байқалды.
Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +2, +5 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында +13 градусқа дейін көтерілді. Алайда, бірінші онкүндіктің аяғында және айдың үшінші онкүндігінде, негізінен республиканың солтүстік жартысында суық антициклонның енуіне байланысты ауа температурасы түнде және күндіз айтарлықтай төмендеді. Түнде -22, -32 градусқа дейін, күндіз -17, -25 градусқа дейін.
Осылайша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары болды. Тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды.