БҚО-да қаптаған шегірткелер тұрғындарды шошытты (видео)

0 214
Әлеуметтік желіде қаптаған шегірткенің видеосы тарады. Бейнежазбада жәндіктер жеке ғимараттың жанында көлеңкеде жасырынған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов видео Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округінің Шора пунктінде түсірілгенін түсіндірді.

«Видеоға қаптаған шегірткелерді түсіріп алған. Неге екені белгісіз, олар көлеңкеде жасырынып жүр. Бұл шегірткенің кішкентай балалары, яғни, жаңадан туылған шегірткелер. Олар әлі ұша алмайды. Біздің мамандар оқиға орнына барып, барлығын тексерді. Жәндіктер жойылады», — деді Лавр Хайретдинов.



Оның сөзінше, қазіргі таңда аймақта шегірткелерді жоюға қатысты мәселе жоқ. Барлығы инспекцияның бақылауында.

«Шегірткенің жасы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді, біз оны 3-ші сатыда уландырамыз, шегіртке 5-ші сатыда ұша бастайды. Аймақта шегірткелер мен оларды жою проблемалары жоқ екенін атап өткім келеді», — деп сендірді Лавр Хайретдиновке.

Leave A Reply

Your email address will not be published.