Биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді
– Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау мәселелері үнемі бақылауда болуы тиіс. Жол құрылысы сапасына ерекше назар аудару қажет, себебі бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігінің басты кепілі.Қоғам тарапынан жолдардың жағдайы мен қоғамдық көлік қызметіне қатысты сын-ескертпелер жиі айтылуда. Осыған байланысты әрбір жағдай бойынша нақты кері байланыс орнатылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдануы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.