Біртановтың ісі: Цой адвокат сұратқан құжаттар жоқ екенін айтты

0 438

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы басшы Елжан Біртановтың адвокаты сұратқан құжаттарға қатысты түсінік берді.

Цой ведомствоға айыппұл салынбағанын айтты. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі қарсы шағым берген және сот шешімі заңды күшіне енбеген.

«Ол құжаттар бойынша белгілі бір мәселе бар. Барлық негізгі құжаттар тергеу аясында тәркіленген. Сондықтан құжаттарды бере алмаймыз, өйткені олар бізде жоқ. Құқық қорғау органдары министрлікке сұрау салып қанша келгенімен, біз құжаттар жоқ екенін, сондықтан бере алмайтынымызды айтамыз», — деді денсаулық сақтау министрі ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев айыпталушының кінәсіздігі туралы дәлел жинауда кедергілер бар екенін айтып, соттың Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты шешімін оқыған болатын.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартылған болатын.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.