«Бір адам қаза тапты»: Қостанайдағы қазіргі ахуал қалай?

0 295

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бүгін брифинг барысында Аманқарағайда тұрғын үйлерге тараған орман өрті салдарынан бір адам қаза тапқанын мәлімдеді.
«Төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартылған жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде кеше қауіп төнген елді мекендерден 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында үйіндіні тазарту кезінде 1936 жылы туған мүгедек адамның қайтыс болғаны анықталды», — деді Төтенше жағдайлар министрі.

Министрдің айтуынша, марқұмды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор хабардар еткен. Бірақ ол бас тартқан. Соған қарамастан адам өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда республикалық тас жол мен темір жол қатынасы қалпына келтірілді. Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылған.
Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына тиген жоқ.

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).

10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта өрт 108 құрылысты жойып, зақымдады.

Айта кетейік. бұған дейін Қостанай облысының әкімі мен Төтенше жағдайлар министрі өрттен зардап шеккен адамдармен кездескен еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.