«Білімсіздік және ұяттың жоқтығы». Эстрададағы жаңа ән халықтың сынына ұшырады

0 1 026

«Той — думан» арнасында жарық көрген жаңа бейнебаян көпшіліктің ашуын туғызып отыр. Отандық шоу-бизнес өкілдері мұндай дүниені жариялауға келісім берген арна басшылығын қатты сынауда.

Алина Шакиева есімді орындаушының » Ұйқым келмейді» атты даулы бейнебаяны 11 шілде күні жарыққа шыққан, деп хабарлайды Экспресс К.

Жаңа туынды әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Тіпті шыққаны күні кеше болса да бұл ән түрлі мемдерге арқау болып жатыр. Расында да сөздерінде тыңдарманның құлағына түрпідей тиетін тұстары өте көп. Орындаушының қазақ тіліне шорқақ екені анық байқалады.

Қош бол деп айттың,

Тағы да бірдеңе дедің.

Сен менен кеттің,

Кетсең де күнде көремін,

— дейтін әнші «ң» әрпін айтуға да қатты қиналған секілді.

Әнші Өмірқұл Айниязовтың пікірінше, бұл ән — білімсіздік пен ұятсыздық дәл тоғысқан дүние. Өнерпаз орындаушыны да, мұндай бейнебаянды эфирге жіберген арнаны да қатаң сынға алып отыр.

«Даусың болмаса да, ұятың болсын» дейтін бір ағамыз. Ұяты жоқ боп тұр ғой. «Той-думан» да мұндай әндердің сөзіне, мәніне қарап, сүзгіден өткізуі керек. Әншейінде сапасына қараймыз, форматына қараймыз деп клиптерді өткізбей қояды. Ақшаға әбден тойған,

— дейді ол.

«Той-думаның» пікірін білу үшін арнаның продюсеріне хабарласқан болатынбыз. Алайда ол телефон тұтқасын алмады, жазылған хабарламаға да жауап бермеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.