Білім саласында оңды іс көп

0 608

Болашақ кілті – білімде. Сондықтан да өңірде білім ошақтарын күтіп-ұстау маңызды. Тозығы жеткенін қайта қалпына келтіру, қажет кезде жаңасын салу мемлекет ұстанған саясаттың басты бағыты. Өйткені оқушылар іші-сырты заманауи талапқа сай, жылы әрі тап-таза ғимаратта білім алуы қажет. Мәселен былтыр «Құлан агротехникалық колледжінің» оқу ғимараты мен асханасына және Ә.Бөкейханов, Болтай-батыр орта мектептері мен №1 мектеп-лицейі, Ш.Уалиханов шағын орталықты орта мектебіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша, Ақтоған, Ақбұлақ, Б.Момышұлы орта мектептері мен №3 шағын орталықты орта мектебіне «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішіндегі керек-жарақтары жаңартылыпты. Малдыбай, Ы.Алтынсарин, Қорағаты орта мектебі мен Құлан мектеп-гимназиясы, №2 шағын орталықты орта мектебі, Т.Рысқұлов мектеп-лицейі ағымдағы жөндеуден өтіпті. 29 мектептің санитарлық тораптары ішке орналастырылып, бұл мәселе толық шешілген екен.

Қазақ ауылындағы М.Әуезов орта мектебінің мәжіліс залы және 2 пән кабинеті құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылыпты.

Сонымен қатар аудандық бюджеттен 34,0 миллион теңге қаражат бөлініп, оқушыларды тасымалдауға арналған 2 автобус сатып алынған.

Пандемияға байланысты оқушылардың қалыпты білім алуына жағдай жасау мақсатында 250 планшет, 220 моноблок, 1159 ноутбук, 458 роутер алынып, оқушыларға пайдалануға таратылып берген.

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімді Ерболат Садырқұлов сөз етті. Ол берген мәліметке сүйенсек аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға демеушілер есебінен 100 планшет табыс етілген. Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан әр балаға 25 мың теңге көлемінде жалпы 3072 балаға көмек көрсетіліпті. «Ауданда білім бөліміне қарасты барлық мекемелердің саны – 67. Оның ішінде 38-і мектеп, ондағы жалпы оқушы саны – 14876. Орта мектеп саны 28 болса, оқушы саны – 14178. Екі негізгі мекте 392 жасөспірім бар. Бастауыш мектеп – 8, ал оқушы саны – 306. 8 шағын жинақталған мектептке 661 бала тиесілі. Соның ішінде қазақ тілінде оқытатын 30 орта білім беретін мекемеде 9568, 8 аралас мектепке 5308 бала білім алды», – дейді аудан әкімі Ерболат Садырбаев.

Аталған ауданда 24 балабақша болса, ондағы 2637 бүлдіршінге мектепке дейінгі білм мен тәрбие берілуде екен. Олардың 1485-і 14 мемлекеттік балабақшаға барып жүрсе, қалғаны 10 жекеменшік балабақшада тәрбиеленіп жатқан көрінеді. Осы жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы облысы әкімінің қаулысы бойынша бала бақшалардың жылдық қаражаты 1420553,8 мың теңге болып белгіленіпті. Бұдан бөлек ауданда 5 қосымша білім беру ұйымы бар болса, онда 5774 бала өз білімін жетілдіріп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.