Білім саласына айрықша басымдық берілген

0 333

Білім және ғылым салалық кәсіподағының облыстық орталығында Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалының Сайлауды штабының мүшесі Ерұлан Мағзымбеков пен Тараз қалалық мәслихат депутатына үміткерлердің партиялық тізіміндегі кандидат Берік Баймағамбетов білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу барысында Е.Мағзымбеков ең үлкен әлеуметтік социум өкілдері- білім және ғылым саласының қызметкерлері бас партияның негізгі мүшелік базасын, нағыз діңгегін құрайтындығын тілге тиек ете отырып, партияның сайлауды бағдарламасының басым бағыттарына, партия пәрменімен шешімін тапқан түйткілдер мен атқарылған шараларға, сондай-ақ межелі мақсаттарға шолу жасады.
Сонымен қатар азаматтық қоғамдық қалыптастырудағы белсенді әлеуметтік институт болып табылатын кәсіптік одақтар өкілдерінің Nur Otan партиясының ұстанымдарын қолдайтынын, еңбек адамдарының әлеуметтік ахуалы арттыру мен құқықтарын қорғауда, заңның салтанат құруына қоғамдық бақылау орнатуға бағытталған жарғылық мақсат- міндеттерді үндестік туралы атап өтті.
Nur Otan-ның партияішілік іріктеуіне облыстық салалық кәсіподақ пен оның өңірлердегі құрылымдық бөлімшелерінің 10 өкілі белсенді түрде қатысып, бүгінгі таңда аталған көшбасшылардың барлығы облыстық, қалалық және аудандық мәслихатқа үміткерлердің партиялық тізіміне енгендегі туралы қосымша ақпарат айтылды.
Nur Otan партиясының қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға,ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда сүбелі үлесінің бар екендіігіне екпін жасалды.
Б.Баймағамбетов өкілеттік органдардың қызметі мен құзыретін реттейтін отандық заңдарға сүйене отырып, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар арқылы қоғам мүшелерінің, әр санаттағы тұрғындардың әлеуметтік, тұрмыстық, еңбек және экономикалық жағдайын, өмір сұру сапасын арттырудың құқықтық мүмкіндіктері туралы тоқталды. Сондықтан, алдағы сайлауда Nur Otan партиясының мейлінше көп дауыс алуы қажеттігін атап өтті.
Кездесу спикері Е.Мағзымбеков онлайн сұхбатқа қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді түрде атсалысуға және өз дауыстарын сенімді түрде Nur Otan партиясына беруге шақырды.
Онлайн кездесуге қатысқандарды ел тарихы үшін ең ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.