Белгілі ғалым Тұңғышбек Байқұловтың жинағы жарық көрді

0 486

Бүгін Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне және 31 мамыр Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тар заманды тағылыммен тірілткен» тақырыбында «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» атты 1-2-ші том кітабын жинақтаушы, құрастырушы, жерлесіміз, белгілі ғалым Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, әлем халықтары жазушылар одағының және Қазақстан Республикасының тарихшылары Ұлттық Конгресінің мүшесі, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің және мерейтойларға арналған медальдардың иегері, белгілі зерттеуші-публицист, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Байқұлов Тұңғышбек Сейсенұлының кітабының тұсау кесері мен кездесу кеші өткізілді.
Сондай-ақ, шара барысында ғимараттың кіре берісіне «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» тақырыбындағы кітап көрмесі және фото галлериясы қойылды. Кітаптың тұсаукесу мәртебесі, жергілікті жазушы Сауытбек Мәдмәрұлы мен ОКЖКММ директоры Бағдагүл Дәулетқанқызына берілді. Содан соң келген қонақтар өз ықыластары мен ақ жарма тілектерін білдірді.
Іс-шара «Тар заманды тағылыммен тірілткен» кездесу кешімен жалғасты. Жиынды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Даулетқанқызы жүргізді. Басқосуға Шу ауданының зиялы қауым өкілдері Әлем Халықтары Жазушылар Одағы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Мәкен Уақтегі, кітапханамыздың тұрақты оқырманы жазушы Сауытбек Мәдімәрұлы, Жергілікті жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі Сәрсебай Қалиұлы, Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төреалқа мүшесі Бейсенбаева Дәнен, Мойынқұм ауданынан Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шубаева Ғалия Бейсебайқызы, Мойынқұм ауданының кітапханашылары, №10 Шу колледжінің білімгерлері қатысты. Келген қонақтар ашаршылық апатының сұрапыл оқиғаларымен және «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» аталмыш еңбегі жайындағы пікірлерін білдірді. Кездесу барысында құрастырушы, жинақтаушы «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабының жазылу тарихына шолу жасады. Кездесу соңында Байқұлов Тұңғышбек Сейсенұлына Шу аудандық орталықтандырылыған кітапханалар жүйесінің директоры Алжанбаева Бағдагүл Даулетқанқызы алғысын білдіріп, сый-сияпат көрсетіп, кітапханамыздың қоры «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабымен толығып, кітапхана оқырмандарын кітап оқуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.