«Бейбітшілік пен келісім» жобасы жалғасуда

0 241

Сарысу ауданында қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жаңа жобасының жүзеге асыру барысын талқылады.

Талқылау барысында жиналғандар жоба аясында үш күнге созылатын мәдени іс-шаралардың бағдарламасы ұсынып, пікірлерін ортаға салды.

Аталған жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу болып табылады.

Халықтың әлеуметтік жағдайын шешу мен құқық қорғау саласына қатысты құрылған жұмысшы тобы бекітілген кестеге сәйкес әр бағыт бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.